Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Павлодар облысы әкімдігінің жанынан бәсекеге қабілеттілік жөнінде кеңес құрылды

Павлодар облысы әкімдігінің жанынан бәсекеге қабілеттілік жөнінде кеңес құрылды

Кеңеске облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов қатысып, Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің артуы мен сапаның халықаралық стандарттарына өтудің ҚР Президентінің әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында белгіленгендігі атап өтті.

Павлодарда облыстық әкімдік жанынан құрылған бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Кеңеске облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов қатысып, Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің артуы мен сапаның халықаралық стандарттарына өтудің ҚР Президентінің әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында белгіленгендігі атап өтті.

Павлодар облысында серпінді жобалар жүзеге асуда. Олар жергілікті және халықаралық нарықта сұранысқа ие өнімдерді шығаруға мүмкіндік бермек.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің басшысы Сергей Стаценко кәсіпорындардағы сапаның менеджмент жүйесі облыстың индустриалды-инновациялық бағдарламасы бойынша енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

2005 жылмен салыстырғанда халықаралық стандарттармен жұмыс істейтін өндірістер саны 3 есе артқан. Облыстың 30 кәсіпорнында сапаның 39 менеджмент жүйесі сертификатталған.

Сондай-ақ, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖАҚ атқарушы директоры Валерий Фомин Елбасының мұнайхимиясы саласы алдына қойған міндерін орындау жайында айтып берді.

Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырысы енді тоқсан сайын өткізілмек.

ҚазАқпарат

 

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS