Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Елбасы «Астана-Щучье» күре жолының құрылысымен танысты

Елбасы «Астана-Щучье» күре жолының құрылысымен танысты

ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты серпінді жобалар тізіміне енген, 6 автокөлік қатар жүре алатын «Астана-Щучье» күре жолының құрылысымен таныстырды.

Шілденің 23-і күні ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты серпінді жобалар тізіміне енген, 6 автокөлік қатар жүре алатын «Астана-Щучье» күре жолының құрылысымен таныстырды.

Министрдің айтуынша, «Астана-Щучье» автожолының ұзындығы – 224 шақырым. Құрылыс жобасының құны 102 миллард теңгені құрайды. Ағымдағы жылы 41 миллиард теңге бөлінді. Жол салу жұмыстарына «К-Жолқұрылыс» АҚ, «Тодини Централ Азия» ЖШС, «Дена КЗ» ЖШС, «Ақмола Құрылыс Материалдары» ЖШС және «Қазақжолқұрылысы» ЖШС компаниялары тартылған.

С. Ахметовтың сөзіне қарағанда, елорда мен Бурабай курорттық өңірін жалғастырып жатқан «Астана-Щучье» автожолын қайта салу халықаралық талаптарға сай, алғашқы жол болмақ. Бұл республика тарихындағы күре жолдарды қалпына келтірудегі ең қымбатқа түсетін жобалардың бірі және трассаның әрбір шақырымын салуға орташа есеппен 3,7 миллион АҚШ доллары жұмсалады.
Автожол герман технологиясы бойынша цементті-бетон жамылғысымен салынып жатқандығына тоқталған С. Ахметов, «бүгінде бұл өте жаңа технология болып саналады және автожолдың цементті-бетон жамылғысы білікке түсетін 13 тонна есепті жүктемені көтере алады», - деді.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS