Серпінді жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды
Оралдағы «Алгортим» технопаркінің залында «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қ.Келімбетов БҚО-ның машина жасау кәсіпорындары және жоғары оқу орындарының басшыларымен, бизнес саласының өкілдерімен кездесті.
Оралдағы «Алгортим» технопаркінің залында шілденің 27-сінде «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов БҚО-ның машина жасау кәсіпорындары және жоғары оқу орындарының басшыларымен, бизнес саласының өкілдерімен кездесті.
Ол Елбасы бастамасымен қолға алынған «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жай-жапсары, мақсат-міндеттерімен таныстырып, аталмыш бағдарламаның операторы болып табылатын «Қазына» тұрақты даму қорының жұмысы туралы әңгімелеп берді. Қор басшысы алғашқы кезде жақсы танылған компаниялар жобалары қаржыландырылғанын, бүгінгі таңда оған бәрі де қатыса алатынын, әсіресе, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын, қызықты өндірістік идеялар мен ұсыныстарды қолдау қажеттігін атап көрсстті. Қазіргі кезде бизнес-жоспарларды қарау мерзімі едәуір қысқарды, даму институттары кәсіпкерлерге оң қабақпен қарап отыр.
Қайрат Келімбетов бұл орайда БҚО кәсіпкерлерінің жоғары белсенділігін де атап өтті.
ҚазАқпарат
