Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Алдағы 5 жылда халықты газбен жабдықтау және жол жөндеу проблемаларын шешеміз

Алдағы 5 жылда халықты газбен жабдықтау және жол жөндеу проблемаларын шешеміз

«Нұр Отан» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Елеусін Сағындықов бүгін Кеншілер сарайында халықпен кездесу өткізді.
 
Өз сөзінде «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына тоқталған Е.Сағындықов, жаңа өндірістердің арқасында 2011 жылға қарай Ақтөбе өңірінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 триллион теңгені құрайтынын атап көрсетті.
 
Сондай-ақ облыстың елді мекендерін газбен жабдықтау мәселесі, автокөлік жолдарының жағдайы да өзектілігін жоғалтпай отырғанын атап көрсеткен Елеусін Сағындықов, осы мәселелерді алдағы 5 жылдың ішінде шешуге уәде беріп отыр. Облыс бюджетінің түсімдері аталмыш салаларды қаржыландыруды кеңейтуге мүмкіндік береді, дейді Е.Сағындықов. Атап айтқанда, 2004 жылы алғаш рет облыс бюджетінен жол құрылысына 300 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы жылы бұл 2 миллиард теңгені құрап отыр.
 
Жаңажол газ өңдеу зауытының үшінші буыны іске қосылғаннан кейін тазартылған арзан газдың көлемі артып, оны тұтынушылармен бірге, жаңа өнеркәсіптік өндірістер де тұтына бастайды. «Келесі жылы Алға ауданына газ жеткіземіз, Мартөкке дейін де газ құбырын тартуды аяқтаймыз. Байғанин және Қобда аудандарын да газбен қамтамасыз ету ісін қолға аламыз. 2009 жылы Ырғыз, Қарабұтақ және Әйтеке би аудандарының кезегі келеді», - деп уәде берді Елеусін Сағындықов.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS