Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > «Қазына» тұрақты даму қоры жыл басынан бері сомасы 1 млрд. доллардың 30 жобасын мақұлдады

«Қазына» тұрақты даму қоры жыл басынан бері сомасы 1 млрд. доллардың 30 жобасын мақұлдады

Бұл туралы Үкімет отырысында аталған қордың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Қазына» тұрақты даму қорының құрамындағы негізгі қаржылық даму институттары жыл басынан бері сомасы 1 млрд. доллардың 30 жобасын мақұлдады. Бұл туралы Үкімет отырысында аталған қордың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
 
Оның айтуынша, құрылған уақыттан бері «Қазына» қоры мақұлдаған жобалардың инвестициялық портфелінің жалпы сомасы 5,2 млрд. доллар болатын 183 жобаға дейін өскен. «Келер жылдың басында біз бұл көрсеткішті 6 млрд. долларға, ал 2009-шы жылдың басына таман 10 млрд. долларға дейін өсіруді көздеп отырмыз», деді Қ. Келімбетов. Бірінші жартыжылдықта қордың инвестициялық портфелінің өсім қарқыны өткен жылдың тиісті кезеңіндегі 30 пайыздан 46 пайызға ұлғайған.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS