Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Батыс Қазақстан облысында серпінді жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Батыс Қазақстан облысында серпінді жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Елдана Сәдуақасованың төрағалығымен облыстағы серпінді жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болды.

Тамыздың 8-інде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Елдана Сәдуақасованың төрағалығымен облыстағы серпінді жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болды.
 
Онда облыс әкімі Нұрғали Әшімовтің өкімімен құрылған жұмыс тобының құрамы таныстырылды. Жұмыс тобының төрағасы облыс басшысы болса, орынбасарлары – облыс әкімінің орынбасарлары Асхат Ақчурин мен Елдана Сәдуақасова. Қала мен кейбір аудан әкімдері, облыстық департамент, басқарма, ұйым басшылары, облыс әкімдігінің қызметкерлерінен құралған, 14 мүшесі бар топтың міндетіне республика экономикасын жаңғыртуға бағытталған облыстың серпінді жобаларын жетілдіру және оларды іске асыру бойынша нақты шешімдер қабылдау кіреді. Топ мүшелері мемлекеттік органдардың не басқа да ұйымдардың осы бағыттағы шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізіп, баға беру құқығына ие. Жұмыс тобының қызметін қамтамасыз ету органы болып облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті белгіленді.
 
Ақ Жайық өңірінде жүзеге асырылатын он бір жоба екі топқа негізделген. Біріншісі таза өндірістік бағытта болса, келесісі Қарашығанақ кенішіне қатысты. Сол себепті жобалардың тоғызы - өндірістік, олардың жүзеге асуына облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті тікелей жауапты. Ал қалған үшеуі облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің еншісінде.
 
Алдағы уақытта жұмыс тобының отырыстары аудандарда да ұйымдастырылмақ. Оған министрлік өкілдері шақырылмақшы.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS