«Қазатомөнеркәсіп» Westinghouse американ компаниясының 10 пайыз акциясын сатып алды
Westinghouse Electric Company LLC – атом стансалары үшін реакторлар жасайтын әлемдік көшбасшы болып табылады.
Атом энергетикасындағы әлемдік көшбасшы – жапондық «Toshiba Corporation» «Қазатамөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясына» Westinghouse Electric Company LLC (АҚШ) меншігіндегі холдингтік компаниялардағы 10 пайыз үлесін 540 миллион АҚШ долларына сатты. Аталмыш келісімге бүгін Алматыда қол қойылды.
«Toshiba» АҚШ және Ұлыбританиядағы холдингтің компаниялары арқылы Westinghouse-дағы өзінің 67 пайыз үлесін сақтап қалды. «Toshiba Corporation» президенті Атсутоши Нишидтің айтуынша, келісімге қол қою – екі компания арасында ынтымақтастықтың басталуы болып табылады. Өз кезегінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның президенті Мұхтар Жәкішев аталмыш келісім – өзі басқаратын компания жүзеге асыратын 30 серпінді жобалардың бірі екендігін атап өтті. «Toshiba» мен «Қазатомөнеркәсіп» стратегиялық серіктестік ретінде ынтымақтасудың алуан бағыттарын анықтап, келісті.
Westinghouse Electric Company LLC – атом стансалары үшін реакторлар жасайтын әлемдік көшбасшы болып табылады.
ҚазАқпарат
