Өскемендегі инвестициялық форум аясында «Қазына» Тұрақты даму қоры мен аймақ әкімдігі меморандумға қол қойды
Құжатқа «Қазына» Тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов пен облыс басшысы Жәнібек Кәрібжанов қол қойды.
Тамыздың 14-і күні Өскеменде өтіп жатқан инвестициялық форумда «Қазына» Тұрақты даму қоры мен облыс әкімдігінің арасында Өзара түсіністік және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа «Қазына» Тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов пен облыс басшысы Жәнібек Кәрібжанов қол қойды.
Тараптар «30 корпоративтік көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасы мен «серпінді» макрожобаларды, сондай-ақ экономиканың басымдықты салаларындағы шағын және орта бизнес жобаларын жүзеге асыруда ынтымақтасуға келісті.
Бұдан бұрын хабарлағандай, бүгін Өскеменде «Мемлекет ресурсы - индустриялық серпін мен бәсекеге қабілеттіктің катализаторы» тақырыбында инвестициялық форум өтуде. Форумға Қазақстанның барлық даму институттарының өкілдері мен аймақ кәсіпкерлері қатысуда.
«Алтай» технопаркі базасында өтіп жатқан шара аясында негізгі жалпы отырыстан басқа бірнеше тақырыптық «дөңгелек үстелдер» өтіп жатыр.
ҚазАқпарат