Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Үкімет басшысының төрағалығымен Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Үкімет басшысының төрағалығымен Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік комиссияның қарауына «30 корпоративтік көшбасшы» экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын ұсынды.

Тамыздың 15-і күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен Қазақстан экономикасын
жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы болып өтті.
 
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік комиссияның қарауына «30 корпоративтік көшбасшы» экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын ұсынды.
 
Негізгі баяндамашы – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары Виктор Супрунның айтуынша, «жоба жеті басым бағыттан тұрады».
 
Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – «отандық корпоративтік көшбасшыларды дамыту арқылы Қазақстанның жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті экономикасының қалыптасуы үшін құрылымдық қайта құруларды қамтамасыз ету және Қазақстанда серпінді жобаларды жүзеге асыру».
 
Мемлекеттік комиссия мүшелері 240 серпінді жобаны қарап, оның ішінен 79-ын жүзеге асыру үшін мақұлдады.
 
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының жобасы бойынша ауқымды талқылауды қорыта келе, Премьер-Министр жұмыс тобына мемлекеттік комиссия мүшелерінің ұсыныстары мен барлық ескертпелерді ескере отырып, келесі отырысқа мемлекеттік бағдарламаның анағұрлым пысықталған әрі жан-жақты әзірленген нұсқасын ұсынуды тапсырды.

ҚазАқпарат 

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS