Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Серпінді жобаны жүзеге асыруды тездету керек

Серпінді жобаны жүзеге асыруды тездету керек

Қарағанды облысының әкімі Н.Нығматулин металлургиялық кремний өндіретін зауыттың құрылысы мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин  тамыздың 21-і күні металлургиялық кремний өндіретін зауыттың құрылысы мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске «Силициум Қазақстан» компаниясының құрылтайшысы Сергей Терещенко қатысты. Аталмыш компания «Қазақстанның 30
корпоративті көшбасшысы» Мемлекеттік бағдарламасына кірген серпінді жобалардың бірі болып табылатын зауытты салып жатыр. Қазір алғашқы кезеңді жүзеге асыру басталды. Зауыт құрылысының бағасы 110 млн. АҚШ долларынан асады. Өндірістік қуаты - жылына 25 тонна металлургиялық кремний өндіру болмақ. Ол 2008 жылдың екінші жарты жылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
 
Кеңестің соңында өңір басшысы зауыт құрылысын тездету және оның энергиямен қамтамасыз етілуі жөнінде тапсырмалар берді.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS