Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > 30 корпоративтік көшбасшы бастамасына сәйкес, тиісті мемлекеттік бағдарлама қазан айында Елбасына ұсынылады

30 корпоративтік көшбасшы бастамасына сәйкес, тиісті мемлекеттік бағдарлама қазан айында Елбасына ұсынылады

Жаңа құрамдағы Парламент Мәжілісінің алдында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

30 корпоративтік көшбасшы бастамасына сәйкес, тиісті мемлекеттік бағдарлама қазан айында Елбасына ұсынылады.Ққыркүйектің 2-ісінде жаңа құрамдағы Парламент Мәжілісінің алдында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

Сөз басында алдағы уақыттағы негізгі мақсаттарға тоқталған Үкімет басшысы, елдегі макроэкономикалық саясат жөнінде өзі пікірін білдірді. Оның айтуынша, әлемдік қаржы нарығындағы соңғы оқиғаларға орай Үкімет пен Ұлттық банктің және Қаржы нарығын бақылау және қадағалау агенттігінің өзара келісіп, бірлесіп жүргізіп жатқан теңгерімділік саясаты ғана экономиканың тұрақты әрі сапалы өсімінің кепілі екенін дәлелдейді. «Сонымен қатар, алдағы уақытта бірінші кезекте Мемлекет басшысының 30 корпоративтік көшбасшы бастамасын жүзеге асыру арқылы экономикамызды әртараптандыру шараларын жалғастыратын боламыз. Бұл орайдағы тиісті мемлекеттік бағдарлама осы жылғы қазан айында Елбасының қарауына ұсынылады. Жалпы алғанда, бұл бағдарлама экономиканың шикізаттық емес секторын, оның ішінде орта және шағын бизнесті дамытуға бағытталады», деді Үкімет басшысы.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS