Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Біз энергетикалық ресурстарға тәуелсіз баламалы экономика құруымыз қажет

Біз энергетикалық ресурстарға тәуелсіз баламалы экономика құруымыз қажет

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағында болып, көліктік логистикалық орталық пен 9 жаңа кәсіпорын құрылысының іргетасына капсула қойды.

 

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) болып, көліктік логистикалық орталық пен 9 жаңа кәсіпорын құрылысының іргетасына капсула қойды.

«Мен «Ақтау теңіз порты» АЭА-ын құру жөніндегі идеямның жүзеге асқанына қуаныштымын. Өткен жылы мен осы өңірде 4 кәсіпорынды ашқан болатынмын. Бүгін тағы 9 жаңа кәсіпорын мен көліктік логистикалық орталық құрылыстарының басталу рәсіміне қатысып отырмын», деді Елбасы өзінің сөйлеген сөзінде.

Биылғы жылдың ақпанында Ақтау теңіз айлағы АЭА аумағын кеңейту туралы Жарлыққа қол қойғандығына тоқталған Елбасы: «Мемлекет мұны елімізде жүргізіліп жатқан экономиканы индустрияландыру жұмысы аясында жасады. Бұл оңай жұмыс емес. Мұнай мен газ қоры бір кезде таусылады және қайтадан қалпына келмейді. Сондықтан біз энергетикалық ресурстарға тәуелсіз баламалы экономика құруымыз қажет», деп атап көрсетті.

«Қазақстанның болашақ ұрпағы осындай тамаша кәсіпорындарда жұмыс істейтін болады. Бұлар серпінді жобалар болып табылады», деп толықтырды сөзін Мемлекет басшысы. Айта кетейік, «Ақтау теңіз порты» АЭА-да бүгін электр кабельдерін, электродтар мен дәнекерлеу сымдарын шығаратын, құрастырмалы металл секцияларын дайындау жөніндегі, орта диаметрлі тікжікті құбырлар жасайтын шпунтталған лартен дуалдарын шығару жөніндегі, сұйық дәрілік түрлерді және медицина белгілеуі бар бұйымдар шығару жөніндегі, май шығару , никельдер өндіру және галвандау жөніндегі зауыттардың іргетасы қаланды. Оларға салынатын инвестицияның құны 700 млн. доллардан астам.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS