«Қазына» қорының ашық есік күндері аясында өңірлерден 282 жоба ұсынылған
Астанада «Қазына» орнықты даму қорының өңірлерден келген кәсіпкерлерге арналған ашық есік күндерінің аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.
Қыркүйектің 26-сы күні Астанада «Қазына» орнықты даму қорының өңірлерден келген кәсіпкерлерге арналған ашық есік күндерінің аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.
Ашық есік күндері аясында өңірлерден 400-ден астам адам келгеніне тоқталған «Қазына» орнықты даму қоры төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекенов, «бүгін біз секция жұмыстарында осы күндері ұсынылған 282 жоба бойынша талқылаулар өткіземіз. Атап айтсақ, олардың 18-і металлургия мен энергетика саласына қатысты, мұнымен қоса инфрақұрылым бағытында 10, жеңіл өнеркәсіпте 8, мұнай химиясында 19, машина құрылысында 17, құрылыс саласында 41 және қалғандары басқа құрылымдарға арналған. Ал аймақтар бойынша қарастырғанда жобалардың ең көбі, яғни 113-і Шығыс Қазақстан облысынан ұсынылды», деді.
Оның сөзіне қарағанда, аталған жобаларды жүзеге асыру бағытында талдау шаралы ұйымдастырылмақ.
Қ. Әйтекеновтің айтуынша, Ақтөбе облысының кәсіпкерлері теміржол вогондарын шығару жобасын ұсынған. Бұл жобаның құны 325 миллион АҚШ долларына бағаланып отырғандығын жеткізген ол, «құны жөнінен «30 корпоративті көшбасшылар» бағдарламасы аясында серпінді жобалармен қатарласып тұрса да, біріншіден оның экспорттық және тағы да басқа жүйелерін қарастыру қажет», деді.
ҚазАқпарат
