Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Үкіметте серпінді жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселе талқыланды

Үкіметте серпінді жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселе талқыланды

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» жобасының ағымдағы жай-күйі және серпінді жобаларды жүзеге асыру туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Аслан Мусин баяндады.

Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, мемлекеттік комиссия қарауына 300 жоба түскен. Олардың ішінде жалпы құны 60 миллиард АҚШ долларын құрайтын 97 жоба мақұлданды.

«34 жоба іске асырылу үстінде болса, оның ішінде 29 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде 79 жобаны әзірлеп, іске асырудың жоспары мен кестесі жасалған», деді А. Мусин.

А. Мусин «Қазына» орнықты даму қоры – серпінді жобаларды іске асыру жөніндегі оператор міндетін нақтылайтын уақыт жетті. Атап айтқанда, «Қазына» мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жүйелендіріп, жобаны іске асырудың кестесін әзірлеп, оны жүзеге асыра бастауы қажет», деп атап көрсетті.

Үкімет басшысы Мемлекеттік комиссияның отырысын қорытындылай келе, «30 корпоративтік көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасының жобасы жарияланып, әлі нақты бекітілмесе де, қоғам тарапынан айтарлықтай қызығушылыққа ие болуда. Оның бәрі бағдарлама барысында ескеріледі, талқылаулар, айтылып жатқан сын-ескертпелер бар, мұның бәрі біз үшін өте қажет. Ең соңында, біз нақты әрекет ететін бағдарламаға ие болуымыз керек. Сондықтан да ұсыныстар мен ескертпелерге жете көңіл қойып отырмыз. Сөз жоқ, оның бәрі ескерілетін болады»,- деп түйіндеді сөзін.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS