Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшылары Президент алдында әр тоқсан сайын есеп беріп отырады

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшылары Президент алдында әр тоқсан сайын есеп беріп отырады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Вице-премьер Президентке сейсенбі күні Үкіметте өткен отырыс жайында айтып берді. Онда елдегі жылжымайтын мүлік нарық жағдайы талқыланған болатын.

Ө. Шөкеев, сондай-ақ Президентке әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын құру және қамтамасыз ету үдерісі жайында жеткізді. Қазақстанда барлығы 5 ӘКК болады. Олар өзінің жұмысын бастау үшін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіліп үлгерді.

Үкімет жергілікті атқарушы органдарға ӘКК-ға қажетті активтерді, оның ішінде еркін экономикалық аумақтарды, индустриялық парктерді және «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан серпінді жобаларды беруді жөн көріп отыр.

«Президент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының қалыптасу үдерісін өзі қадағаламақ. Елбасы Үкіметке олардың басшыларының Мемлекет басшысына әр тоқсан сайын есеп беруін қамтамасыз етуді тапсырды», - деді журналистерге арналған брифингте Өмірзақ Шөкеев.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS