Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Премьер-Министр «30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын жетілдіруді тапсырды

Премьер-Министр «30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын жетілдіруді тапсырды

Қазанның 9-ы күні Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын жетілдіруді тапсырды.

«
Бүгінгі талқылаулардан кейін экономика министрлігіне аталған бағдарламаның жобасын пысықтап және жұмадан кешіктірмей Үкімет қарауына енгізуді тапсырамын. Бұл құжат бойынша көп жұмыстар атқарылып, әртүрлі деңгейлерде талқылаулардан өтті. Жалпы менің пікірімше, осы жоба жақсы жасалған, бірақ енді бұл құжатты сәл пысықтап, әрі қарай алға жылжуымыз керек», деді Үкімет басшысы.
Мұымен қоса К. Мәсімов қараша айына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) дамыту мәселелеріне арналған Үкімет отырысын өткізуді тапсырды. «Бүгінде ӘКК-лер ақиқатқа айналып, оның жетекшілері бекітілді. Осыған орай Премьер-Министр Кеңсесіне бағдарлама операторлары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін, сондай-ақ оның орны мен рөлін нақтылау үшін қараша айында ӘКК бойынша арнайы отырыс өткізуді тапсырамын», деді К.Мәсімов.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS