Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Бизнеске бір оператор бекітілуі ыңғайлы болмақ

Бизнеске бір оператор бекітілуі ыңғайлы болмақ

Бизнеске бір оператор бекітілуі ыңғайлы болатын секілді. Бұл туралы қазанның 9-ы күні Үкімет отырысынан кейінінгі брифингте «Қазына» орнықты даму қорының төрғасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Қ. Келімбетовтің айтуынша, «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы - орта және ұзақ мерзімдегі перспективалы Қазақстан экономикасын анықтайтын, яғни компанияларды қалыптастыру бойынша 10-15 жылға арналған үкіметтік пәрменді бағдарлама болады. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жобаның өкілетті органы болып аталды.

«30 серпінді жоба» бағдарламасының бастапқы кезеңіне оператор болып «Қазына» орнықты даму қоры бекітілгенін, сондай-ақ қор енді барлық серпінді жобалар бойынша айналысатынын жеткізген Қ. Келімбетов, «өкілетті орган – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, оның саясатын, серпінді жобаларды қаржыландыру бойынша тиісті үрдістер мен механизмдерді анықтайды. Операторлардың ұстанымы мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде құрылған. Атап айтсақ, әр жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, болашақта мемлекеттік холдингтер, ұлттық компаниялар, сонымен қатар жеке құрылымдар, банктер операторлар болуы мүмкін.

«Бірақ, біздіңше, бастапқы кезеңде, яғни алдағы екі-үш жылда бизнес бағдарламаның операторы кім екенін нақты білуі тиіс. «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша да бағдарламаның операторы етіп Үкімет «Қазына» орнықты даму қорын бекітті», - деді ол.

Қ. Келімбетов басты мақсат – бизнеспен түсінікті әрі сындарлы диалог жүргізу, яғни бизнес өкілдері қайда барып, қандай қолдауға сүйене алатынын білуі тиіс екенін атап өтті.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS