Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Ирандық IRITEC компаниясы Қазақстанның «30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген компанияның жобасына атсалысуда

Ирандық IRITEC компаниясы Қазақстанның «30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген компанияның жобасына атсалысуда

Иранның IRITEC халықаралық инжинирингілік компаниясы Қазақстанның «30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген қазақстандық «SBS Group» компаниясының Ақтөбе облысындағы металлургиялық кешен құрылысы бойынша жобаға қатысуда. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегранға сапары аясында дүйсенбі күні өткен бірлескен қазақстан-иран экономикалық жобаларының таныстырылымында «SBS Group» компаниясының атқарушы директоры Қадыр Хасанов мәлім етті.

«
Біздің компания қазіргі уақытта Ақтөбе электр-металлургиялық кешенінің құрылысымен айналысуда. Нысан құрамына қуаты сағатына 180 мегаВаттық газ-турбиналы электр стансасына, құрылыстық құрыш шығаратын металлургиялық кешен кіретін болады. Біз қазір ирандық IRITEC инжинирингілік компаниясымен тығыз жұмыс істеудеміз, ирандық компания бізге жобалар әзірлеуде және темірді тікелей қалпына келтіріп күйдіру технологиясы бойынша жабдықтар жеткізуде», - деп хабарлады Қ.Хасанов.

Жобаның жалпы құны 650 миллион долларды құрап отыр. Құрылысы өткен жылдың көктемінде басталған кешеннің 2008 жылыэлектр стансасын, 2009 жылызауыттың бірінші кезегін, 2010 жылыекінші кезегін іске қосу жоспарлануда.

SBS Group
компаниясының атқарушы директорының айтуынша, бұл кешен құрылысының жобасы Қазақстанның «30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік жобасына қатысатын кәсіпорындардың тізбесіне енгізілген.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS