Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Премьер-Министр 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның жарғылық капиталына берілетін, нақты мемлекеттік активтері анықталған қаулыға қол қойды

Премьер-Министр 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның жарғылық капиталына берілетін, нақты мемлекеттік активтері анықталған қаулыға қол қойды

Қарашаның 6-сы күн Үкімет мүшелерінің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны (ӘКК) дамыту мәселелерін талқылауының қортындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жеті ӘКК-ның жарғылық капиталына берілетін, нақты мемлекеттік активтері анықталған қаулыға қол қойды.

Құжатта ӘКК-ға мемлекеттік активтерді беру жөніндегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен мерзімдері айқын белгіленген.

Үкімет басшысы өзіне мемлекеттік кәсіпорындарды, жылжымайтын мүлікті және өзге де нысандарды қосып ала отырып берілетін активтер жеке секторда тиімді пайдаланылатындығына сенім білдірді.

К. Мәсімов тиісті мемлекеттік органдарға «активтерді беру жөніндегі барлық процедуралық мәселелерді жылдам және кедергісіз жүргізуді» тапсырды.

ӘКК-ға берілетін активтер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жобаларды іске асыру үшін пайдаланылатын болады. Осы ретте, көптеген тиімсіз пайдаланылған активтер инвестициялық жобаларды іске асыруға тілек білдіруші жеке кәсіпкерлерге қол жетімді болады. Мәжілісте «Сарыарқа» ӘКК-ның ілкі жобасы болғаны атап өтілді. Қазіргі уақытта «Сарыарқа» ӘКК-сы жеке кәсіпкерлермен бірлесіп бірқатар жобаларды іске асыру есебінен қызметін шығынсыз жүргізе бастады. Алдағы уақытта ӘКК-сы Астана қаласы мен Ақмола облысының әлеуметтік қажеттіліктеріне арналған кірістерді пайдалануға кіріспек. Қазіргі кезде «Сарыарқа» ӘКК-сы құны 48 млрд. теңге көлеміндегі жобаны жүзеге асыруда.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS