Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Өткен айларда бюджетке 452,9 млрд. теңге кедендік баждар мен салықтар түсті

Өткен айларда бюджетке 452,9 млрд. теңге кедендік баждар мен салықтар түсті

Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Наталья Коржова осылай мәлім етті.

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке 452,9 млрд. теңге кедендік баждар мен салықтар түсті.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,5 млрд. теңгеге артық. Қарашаның 12-і күні Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Наталья Коржова осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, кедендік баждар мен салықтар бойынша жоспардың асыра орындалуына импорттың өсуі ғана емес, сонымен бірге, кедендік рәсімдердің жеңілдеуі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылған тосқауылдың тиімділігі әсер еткен.
Сөз арасында Кеден кодексіне енгізілген өзгерістерге тоқтала келе Н. Коржова, бұл өзгерістердің кеденшілердің де кәсіпкерлердің де қызметін айтарлықтай жеңілдеткендігін атап өтті. Оның айтуына қарағанда, алдағы уақытта кедендік құнға әкімшілік жүргізуге байланысты түзетулерге ерекше назар аудару қажет болады. «Өйткені, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бұл тәртіпті жиі қолданбаса да оның берері аз емес. Ал аталған өзгерістердің «30 корпоративтік көшбасшылар» бағдарламасына қатысушыларға қажет болатынына сенім мол. Сонымен бірге, бүгінгі күні экспорттық кедендік декларацияларды алып тастау үшін барабар жүйе табылды. Яғни, экспорттық кедендік жүк декларациясын міндетті түрде ұсыну жөніндегі норманы іске қосу экономикалық контрабандаға және «сұр» импортқа қарсы күрес қажеттілігінен туындап отыр», деді министр.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS