Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Оңтүстік Қазақстан облысы серпінді жоба ұсынады

Оңтүстік Қазақстан облысы серпінді жоба ұсынады

Оңтүстік Қазақстан облысы басшылығының ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлерді дамыту комитетінің мүшелерімен өткен кездесуінде ОҚО әкімінің орынбасары Эльдана Сәдуақасова Иірсу кен орнын игеру жайында айтып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысы кластерлік қағидатқа сай келетін серпінді жоба ұсынады. Ол – Иірсу кен орнын игеру.

Оңтүстік Қазақстан облысы басшылығының ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлерді дамыту комитетінің мүшелерімен өткен кездесуінде ОҚО әкімінің орынбасары Эльдана Сәдуақасова Иірсу кен орнын игеру жайында айтып берді. Оны облыс серпінді жоба ретінде жүзеге асыруды ұсынады.

Марганец пен басқа да пайдалы қазбаларға бай Иірсу кен орнын кешенді игеру қарастырылған. Онда заманауи, соңғы технологиялар бойынша жабдықталған металургия комбинатында кен өндіруді, өңдеуді ұйымдастыруға болады.

Зауыттың қызметі қуаты 400-500 кВт болатын қатты отынды (мазут, көмір) пайдалану арқылы жұмыс істейтін жылу стансасын салуды қажет етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша жобаның жалпы құны 1,3 миллиардтан астам долларды құрайды. Бұл сомаға кен орнын игеруге қажетті 100 миллион доллар, металургиялық комбинат салуға – 660 миллион доллар және электр стансасын салу үшін – 550 миллион доллар қосылған.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS