Елбасы Қызылорда облысының әкімін қабылдады
Кездесу кезінде М.Құл-Мұхаммед Елбасына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен проблемалары, сондай-ақ озық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады.
Кездесу кезінде М.Құл-Мұхаммед Елбасына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен проблемалары, сондай-ақ озық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
- Біздің өңірімізде алты озық жоба іске асырылмақ. Соның бірі «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына енді. Мен Елбасына әлемдегі бұрын-соңды болмаған үлкен экологиялық жоба – Сырдария өзенінің арнасын реттеп, солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның бірінші кезеңінің аяқталғанын және екінші кезеңінде атқарылатын шаралардың жәй-жапсарын баяндадым. Елбасы нақты тапсырмалар берді. Олардың міндетті түрде орындалатындығына кәміл сенемін, - деді М.Құл-Мұхаммед журналистерге арналған брифингте.
ҚазАқпарат
