Сыртқы істер вице-министрі Қ.Әбусейітов жеңіл қару-жарақтардың заңсыз саудасы мәселелері жөніндегі аймақтық мәслихатқа қатысты.
Қ.Әбусейітов Қазақстанның БҰҰ-ның Атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтардың заңсыз саудасы мәселелері жөніндегі бағдарламасын бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
Соңғы 25 жыл бойы Ауғанстанда шамамен 10 миллионға жуық атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтар жиналып қалды. Бұл қару түрлері тек аталған елдің қауіпсіздігі мен болашағына ғана емес, онымен жақын орналасқан елдерге, соның ішінде, Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерге де қауіп төндіруде.
Еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Қайрат Әбусейітов Алматыда ашылған Орталық Азиядағы атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтардың заңсыз саудасы мәселелері жөніндегі аймақтық тұңғыш мәслихатта осылай деп мәлімдеді.
Қ. Әбусейітовтың пікірінше, атыс қаруларын сату мен есірткі заттары айналымының арасында өзара тығыз байланыс орнаған. Және мұндай қызметпен арнайы қылмыстық топтар айналысады. Есірткі жөніндегі БҰҰ-ның агенттігінің мәліметіне қарағанда биыл Ауғанстандағы есірткі өсіретін алқаптар мол өнім берген. Осының салдарынан биыл ағымдағы жылы есірткі тасымалының көлемі ұлғаймақ. Ал, одан түскен қаржы заңсыз қару сатып алуға жұмсалады. Вице-министр осы орайда аталған келеңсіздікке Ауғанстандағы бітімгершілік күштерінің баса назар аударуы қажеттігін айтты. Және халықаралық қауымдастықтың көмегімен бітімгершілердің қарусыздану бағдарламасын жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Қ. Әбусейітов Қазақстанның БҰҰ-ның Атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтардың заңсыз саудасы мәселелері жөніндегі бағдарламасын бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Соған сәйкес, елімізде аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ішкі істер, Қорғаныс, Индустрия және сауда, Сыртқы істер министрліктері және Кедендік бақылау агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерінен тұратын сарапшылар тобының құрылғанын айтты. Мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін бұл індетпен күресу үшін халықаралық деңгейде ақпарат алмасудың маңызы зор екенін атап көрсетті. Және Орталық Азия мемлекеттері үшін осы қару түрлерінің заңсыз саудасы мен экспортына тойтарыс беретін уақыт жеткенін назарға салды. Дегенмен, мұндай механизмді жолға қою оңай міндет еместігін айтқан ол, бұған аймақтық деңгейдегі ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болатынына тоқталды.
Қазақпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |