ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты алғаш рет өткізілгелі отырған ұлттық бірыңғай тестілеуге арналды.
Министр Жақсыбек Құлекееев Үкімет қаулысына орай қолға алынғалы отырған бұл шара білім ошақтарындағы оқу сапасын дұрыс бағалауға нақты мүмкіндік туғызады деп атап көрсетті.
Биыл республика мектептерінде ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет өткізілгелі отыр. Наурыздың 16-сында ҚР Білім және ғылым министрлігінде осы мәселеге арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Министр Жақсыбек Құлекееев Үкімет қаулысына орай қолға алынғалы отырған бұл шара білім ошақтарындағы оқу сапасын дұрыс бағалауға нақты мүмкіндік туғызады деп атап көрсетті. Ол сонымен бірге мектеп бітірушілерді мемлекеттік аттестаттау мен оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіретін бірегей жүйе де болып табылады.
Ағымдағы жылы осыған орай республика аймақтарында 133 ұлттық бірыңғай тестілеу пункттерін ашу көзделінуде. Аталған жұмысқа кететін барлық шығындар республика бюджеті есебінен төленеді. Бұған 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінгелі отыр.
Мәслихатта тестілеуге республика бойынша 230 мыңнан астам мектеп бітірушілерінің қатысатындығы, ал олардың 125 мыңға жуығының арнаулы тестілеу орталықтарына тасымалданатындығы жөнінде де айтылды.
Бас қосуда ұлттық тестілеуді өткізуге қатысты атқарылып жатқан өзге кешенді жұмыстар мен талапкерлерге туғызылар тиісті жеңілдіктер туралы да сөз болды. Министрлік ұлттық бірыңғай тестілеуді жүргізуге қатысты жұмыстарды жариялы түрде жүргізуге бағыт ұстанып отыр.
Мәслихатта білім гранттары мен несиелерін беруге, тестілеу орталықтарының қызметтерін дұрыс үйлестіруге байланысты алда істелінетін шаралар жөнінде де егжей-тегжейлі сөз болды.
Қазақпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |