АҚШ елшісі Сыр өңірінде болды
Елшінің айтуынша, ол Қызылорда облысындағы тек жуырда ғана саябырсыған су тасқынының жай-жапсарынан хабардар. Ол өз сөзінде облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуы, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары мен алдағы Парламент сайлауы, оның қаншалықты дәрежеде демократия талаптарына сай өтетіндігі қызықтыратындығын жеткізді.
Америка Құрама Штатының Қазақстандағы елшісі Ларри Неппер Сыр бойына келді. Алғашқы жүздесу облыс әкімдігінде болды.
Елшінің айтуынша, ол Қызылорда облысындағы тек жуырда ғана саябырсыған су тасқынының жай-жапсарынан хабардар. Ол өз сөзінде облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуы, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары мен алдағы Парламент сайлауы, оның қаншалықты дәрежеде демократия талаптарына сай өтетіндігі қызықтыратындығын жеткізді.
Облыс әкімі өз кезегінде алдағы уақытта шағын және орта бизнестің қанатын жаю үшін бизнес-инкубаторлардың қатарын көбейту көзделіп отырғандығы туралы айтты. Елші сауалына орай екі мемлекеттің мүддесі тоғысып тұрған Байқоңыр ғарыш айлағындағы проблемалар жайлы баяндады. Оның алдағы уақытта мемлекетаралық мәмілелер үстінде оң шешімін табатындығына сенімін білдірді.
Кездесу соңында Серікбай Нұрғисаев Ларри Непперге Қорқыт баба қобызының нұсқасын тарту етті.
Қазақпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |