Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2004 > Наурыз > Индустрия және сауда министрлігінде Премьер-Министр Д.Ахметовтің төрағалық етуімен кеңес өтті.

Индустрия және сауда министрлігінде Премьер-Министр Д.Ахметовтің төрағалық етуімен кеңес өтті.

Кеңесте еліміздің құрылыс кешендерін дамыту мәселесі қаралды. Оған Астана және Алматы қалаларының, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ірі отандық құрылыс компанияларының жетекшілері қатысты.

Индустрия және сауда министрлігінде Премьер-Министр Даниал Ахметовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте еліміздің құрылыс кешендерін дамыту мәселесі қаралды. Оған Астана және Алматы қалаларының, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ірі отандық құрылыс компанияларының жетекшілері қатысты.
Кеңес барысында әкімдердің орынбасарлары Үкімет басшысын Қазақстанның аумақтағы құрылыс мекемелерін құрылыс индустриясымен, техникалық, технологиялық және мамандармен қамтамасыз етудің жағдайынан хабардар етті. Атап айтқанда, жұмыс істеп жатқан құрылыс компаниялары мен құрылыс индустриялық кәсіпорындарына, олардың әлеуетті мүмкіндіктеріне байланысты мәліметтер ұсынылды.
Сонымен қатар, Даниал Ахметов отандық құрылысшыларды келеңсіздіктен сақтандырып, қазақстандық кәсіпорындар мен компанияларға басқалардан артықтық болатынына қарамастан болмас іспен шұғылданбау керектігін ескертті.
- Бүгін менде Түркиядан тағы да төрт құрылыс компаниясы болды. Олар бірден, алғашқы шақырудан-ақ, қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырысымен келіп, құрылысты бастауға дайын,- деді Премьер-Министр.
Құрылыс рыногінде, Үкімет басшысының айтуынша, өте қатаң бәсекелестік орта болмақ. Бәрінен бұрын экономикалық технологияға, қазіргі заманғы құрылыс материалдарына, білікті инженерлік әзірлікке және осы кезгі менеджментке ерекше көңіл бөлінбекші.
Талқылауды қортындылай келе, Премьер-Министр бүгін болған әңгіме болашақ үлкен көлемдегі бағдарламаның басы ғана екенін айтып, талқыланған мәселені әр бөлшегіне дейін қарауды тапсырды.
Оның айтуынша, кеңесте қозғалған тақырып келесі кеңесте өз жалғасын тауып қана қоймай, әзірленген шешімдер арқылы іске асырылады.
Премьер-Министрдің баспкасөз қызметі