Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2004 > Наурыз > Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Денсаулық саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама жобасы талқыланды.

Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Денсаулық саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама жобасы талқыланды.

Кеңес барысында халыққа медициналық және дәрігерлік көмек көрсетудің қазіргі жағдайы аталып өтілді, бір шетінен, заңнамалық базаны қалыптастыру керектігі, мамандар даярлау, қаржылық және материалдық ресурстар қажеттігі, екінші жағынан – денсаулық сақтау саласындағы салааралық үйлестіру жұмысында нақты жүйеліктің қалыптаспауы айтылды.

Еліміздің Премьер-Министрі Даниал Ахметовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте Денсаулық саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы талқыланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша бұл бағдарлама негізге алған шараларда халықтың денсаулығын жақсартуға маңыз беріледі және медициналық әрі дәрігерлік көмекке қол жеткізіледі, саланың профилактикалық бағытын қамтамасыз етуге, оны қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіруге мол мүмкіндіктер қарастырылмақ.
Кеңес барысында халыққа медициналық және дәрігерлік көмек көрсетудің қазіргі жағдайы аталып өтілді, бір шетінен, заңнамалық базаны қалыптастыру керектігі, мамандар даярлау, қаржылық және материалдық ресурстар қажеттігі, екінші жағынан – денсаулық сақтау саласындағы салааралық үйлестіру жұмысында нақты жүйеліктің қалыптаспауы айтылды. Денсаулық сақтау жүйесіне халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін ұсынып, сапалығы жағына бақылау жасау қажеттігі ерекше назарға алынды.
Үкімет басшысы кеңесті қорытындылай келе: “Біз бүгін бұл бағдарламаның қажеттігін жоққа шығармаймыз. Сөз жоқ, ол әзірленуі тиіс және атауы реформалау бағдарламасы деп аталмайды, ал медицинадлық саланы тереңдете дамыту бағдарламасы болады. Бізге кез-келген мақсатпен әлденені жаңартуға ұмтылудың қажеті жоқ. Біз қабылдайтын, қазақстандықтар өмірінің нақты мазмұнына сәйкес келетін денсаулық саласындағы түрі керек” деді.
Даниал Ахметов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Григорий Марченко жетекшілік жасайтын жұмысшы тобына екі апта мерзім ішінде ескертілген сындарды ескере отырып, аталған бағдарламаға қатысты жұмысты аяқтап, оны қайтадан Үкіметтегі талқылауға енгізуді тапсырды.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі