Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2004 > Тамыз > Оралда «Атриум» сауда ойын-сауық орталығы ашылды, оған Елбасы қатысты

Оралда «Атриум» сауда ойын-сауық орталығы ашылды, оған Елбасы қатысты

Тамыздың 21-інде Орал қаласының орталығында «Атриум» сауда ойын-сауық орталығы ашылды, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты

Тамыздың 21-інде Орал қаласының орталығында «Атриум» сауда ойын-сауық орталығы ашылды, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Президент осында Орал қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары қойған өнімдер көрмесімен танысты. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді алып жатқан орталық құрылысы 2003 жылдың мамырында басталған болатын. Жалпы сметалық құны 7 млн. АҚШ долларына бағаланған нысанның бас мердігері – «Строительная инициатива» ЖШС құрылыс фирмасы. Қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сай келетін мұндай сауда орталығы өте сирек. «Атриумда» қала тұрғындары мен меймандары көңілді демалып қана қоймай, қажетті саудасын да жасай алады. Онда келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Айталық, қос қабатты кешеннің бір бөлігінде ( блок ) аумағы 2 мың шаршы метр гипермаркет орналасқан, одан жылына 1 млн. адам өте алады, ал жылдық сауда көлемі 10,8 млн. доллар шамасында болады деп жоспарлануда. Ал аумағы 1900 шаршы метр, жылына 3,3 млн. доллар табыс келтіреді деп есептелініп отырған ойын-сауық орталығына боулинг, фастфуд, мейрамханалар, интернет-кафе және түнгі клуб кіреді. Орталықтың қалған қос бөлігінде ( жалпы аумағы 3800 шаршы метр ) сауда орындары, балалар ойын алаңы, ұялы телефон қызметтері, банк орын тепкен. Орталыққа іргелес демалыс бағы мен автотұрақ ашу да ойластырылуда. «Атриумда» қызмет етуге 314 адам тартылып, 100 жалға алушыға орын берілмек.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП
Corporate LEADERS


Ресурстар

Мұрағат

<<< Қыркүйек  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

www.nu.edu.kz

Astana Almaty