Елбасы “ҚазАқпарат” Ұлттық ақпарат агенттігінде болып, оның шығармашылық ұжымын 85 жылдық мерейтойларымен құттықтады
Биыл өзінің 85 жылдығын атап өтіп отырған байырғы «ҚазТАГ» қазіргі “ҚазАқпарат” Ұлттық ақпарат агенттігіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп, агенттіктің қазіргі шығармашылық ұжымы мен онда қызмет жасаған ардагерлерді мерейтойларымен құттықтады.
«ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» республиканың қазіргі ақпарат кеңістігінде мемлекеттік тілде төл ақпарат тарататын бірден-бір Ұлттық ақпарат агенттігі. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік-мәдени өміріндегі барлық маңызды жаңалықтарды мемлекеттік тілде ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде әлемге жария етіп отырған салиқалы мекеме.
«Қазақ Ақпарат агенттігі» ҰК-ының басты мақсат-міндеті - жаңалықты дер кезінде жедел жеткізу, мемлекет ісінде, экономика мен мәдениетте, жалпы қоғам тіршілігіндегі оқиғаларды қалың бұқараға тиянақты дәлдікпен хабарлау.
Бүгінгі «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы, кешегі ҚазТАГ осыдан 85 жыл бұрын, 1920 жылы тамыздың 13-інде РОСТА-ның Орынбор –Торғай бөлімшесі ретінде құрылды. 1925 жылы оның аты ҚазРОСТ, 1937 жылы ҚазТАГ болып өзгеріп, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді. Ал ел тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1997 жылы Президент Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі» (ҚазААГ) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылса, 2002 жылғы қарашаның 8-інде Үкімет қаулысымен қазіргі «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» ашық акционерлік қоғамына айналды.
1997 жылы ҚазААГ болып қайта құрылғасын, жаңа заманғы ақпараттық технологияға көшіп, телетайптық тәсілден электрондық ақпарат тарату әдісіне кіріскен агенттіктің қазір Республиканың барлық облыстарында, Қытайда, Өзбекстанда, Ресей мен АҚШ-та, Бельгия мен Қырғызстанда меншікті тілшілері бар.
Ал агенттігіміз Республиканың барлық аймақтарының тыныс тіршілігінен іс жүзінде үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тұщымды хабар беретін интернет-сайтын толтырып отырады. Оған қоса, шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдері үшін қазақ тіліндегі жаңалықтарды академик Әбдуәлі Қайдардың нұсқасымен /жеке интернет беті/ латын әліпбиінде ұсынады. Сонымен қатар, «Таңғы жаршы», «Ресми жаршы», «Ел, шетел жаңалықтары», «Қазақстан–Бизнес», «ҚазАқпарат-анонс», «ҚазАқпарат-фото» секілді жаңалықтар топтамалары мен «Елеулі оқиғалар, атаулы күндер, есімдер» күнтізбесі секілді ақпараттық-коммерциялық өнімдерін шығарып, сатады.
ҚазАқпарат Азия және Тынық мұхиты елдерінің ақпарат агенттіктері ұйымы, Түркі елдерінің ақпарат агенттіктерінің ұйымы секілді беделді қауымдастықтарға мүше болды. РАТА-ТАСС, “Жаңалықтар” РАА, Синьхуа, Би-Би-Си, Кабар, БелТа, УкрИнформ сияқты ақпарат агенттіктерімен серіктестік байланыстар орнатты. Қазір компания өнімдері бір мезгілде 78 елге тарайды.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |