Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалдайтын ресейлік тарапқа талапты күшейтуді қажет деп санайды
«Протон – М» зымыран тасығышының құлау апатына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі З.Сәрсембаев осылай мәлім етті.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалдайтын ресейлік тарапқа талапты күшейтуді қажет деп санайды. Бүгін «Протон – М» зымыран тасығышының құлау апатына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Зейнолла Сәрсембаев осылай мәлім етті.
Вице-министрдің айтуынша, соңғы он жыл ішінде «Байқоңырдан» ұшырылған зымыран тасығыштардың республика аумағында құлауы салдарынан 6 рет алаңдатарлық төтенше жағдайлар орын алды. Сонымен қатар, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бүгінгі «Протон-М» зымыран тасығышының құлау салдарына орай ұстанымына тоқталған З. Сәрсембаев, «министрлік бұл жағдайды бір жолғы оқиға ретінде қарастырмайды, оқиға негізінен жүйелі түрдегі сипатқа айналғанға ұқсайды», деп атап өтті.
«Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамаларға, Ресеймен арадағы халықаралық кесім шарттарға сәйкес және орын алған жағдайды ескере келе, «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалдайтын ресейлік тарапқа талапты күшейтетін болады. Бұл мәселе ең алдымен қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты», деді вице-министр.
Сонымен қатар, өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы Наурызбай Қадыркеев, зымыран тасығыштардың құлау салдарынан ауаға жайылған уытты заттардың жан-жануарларға тигізетін залалдарына назар аударды. «Бұл жағдайда жабайы жануарларға келетін шығынды дөп басып анықтау қиындық туғызады. Егер үкіметтік комиссия жұмыс үдерісіне сай, барлық көрсеткіштерді бағалай алатын болса, жабайы жануарларға қатысты бұндай қорытынды шығару ауырға соғады», деді Н. Қадыркеев.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |