Сенатта республикалық және облыстық бюджеттер мен қалалар арасындағы трансферттерді есептеу әдісі талқыланды
ҚР Парламенті Сенатында депутаттар Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайыновпен кездесті.
Қарашаның 2- ісінде ҚР Парламенті Сенатында депутаттар Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайыновпен кездесті. Онда негізінен республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдісі талқынды.
Естеріңізге сала кетейік, Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі арнайы Заңмен үш жылдық кезеңге абсолюттік көріністе белгіленіп, әрбір үш жыл сайын өзгертіліп отыратын болған. Осыған байланысты, 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі өңірлердің экономикалық дамуын, салық салынатын базаның ұлғаюын және облыстық әкімдердің, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың дербестігін арттыруды ынталандыру үшін айқындалады. Бұл бағытта арнайы заң жобасы әзірленіп, оны Парламент Мәжілісі де мақұлдаған болатын. Сондықтан да жақын аралықта заңға айналғалы отырған есептеулердің жаңа әдістемесін тағы бір пысықтау мақсатында сенаторлар Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайыновтың баяндамасын тыңдады.
«Есептеулердің жаңа әдістемесінде ең алдымен ашықтық, субъективтік қатынасты болдырмау және шығыстардың жалаңдығы секілді оң шаралар қамтылған. Үшжылдық кезеңге субвенция мен алып қоюларды бекіту арқылы біз бұл қаражаттарды толық көлемде әкімдіктердің пайдалануына қалдырып, әр аймақтардағы проблемаларды өз бетінше шешуге жағдай жасадық. Яғни, аймақтар өз бетінше жедел түрде орын алған мәселелерді шешуге мүмкіндік алды», деді М. Құсайынов. Оның айтуынша, бұл бағытта аймақтардағы экономикалық даму ынталандырылып, салық салу ауқымы кеңіген әрі жергілікті билік әлеуметтік-экономикалық дамуда өз бетінше әрекеттерге қол жеткізген.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |