ҚР Білім және ғылым министрі жас таланттардың І Халықаралық «Шаттық» фестивалінің ашылуына қатысты
Жансейіт Түймебаев республиканың түкпір-түкпірінен және таяу-алыс шет елдерден жиналған жас дарындарды Астананың 10 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Шілденің 3-і күні ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев «Жастар» сарайының сахналық алаңында өтетін жас таланттардың І Халықаралық «Шаттық» фестивалін ашты.
Фестивальді ұйымдастырушы, «Бозторғай» Халықаралық конкурсының директоры Қарлығаш Әбдікәрімованың атап көрсеткеніндей,
Қазақстаннның барлық аймақтары мен Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Украина, Ресей, Беларус, Болгария және Түркия Республикаларынан барлығы 500-ге жуық жас дарын жиналған. Бәрі де 5 пен 17 жас аралығындағылар.
«Астананың 10 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған мейрамның басты мақсаты балалардың өнегелі және эстетикалық тәрбиесін көтеру, өзге ұлт өкілдерін қазақ өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру және талапты орындаушылар мен топтарға елдің танымал өнер қайраткерлері мен мемлекеттік мекемелердің назарын аудару болып табылады. Байқау елордада алғаш ұйымдастырылып отырғанымен оны дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз», - дейді Қ. Әбдікәрімова.
Вокал, хореография, халықтық орындау, балалардың сән театры және таң қалдырарлық жанрлар бойынша екі күн бойы шеберліктерін көрсететін шығармашылық топтар мен жеке орындаушылардың өнерін Кеңес Одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік би театрының директоры Болат Аюханов, халықаралық фестивальдардың лауреаты Маржан Арапбаева және эстетика докторы Н.Текелин бағалайтын болады. Қатысушылардың барлығына лауреат атағы беріліп, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілмек.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |