«Әлия» мемориалдық кешенінің салтанатты ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы А.Мусин, Ақтөбе облысының әкімі Е.Сағындықов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.Рақымжанов, ҚР Қаржы министрі Б.Жәмішев пен Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.Коржова қатысты
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Аслан Мусин Ақтөбе облысының Астананың мерейтойына тарту еткен – «Әлия» мемориалдық кешенінің салтанатты ашылуына қатысты.
А.Мусиннің атап көрсеткеніндей, осыдан 10 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің астанасын көшіру жөнінде маңызды шешім қабылдады. «Содан бергі аз уақыт ішінде Астанамыз елдің мақтанышына айналды. Қазақстанды бүкіл әлемге танытты. Қазір елорда Еуразия кіндігінде бүкіл адамзаттың рухани өкілдерін жинаған орталыққа айналды. Ақтөбе облысы Қазақстанның тұрақты дамып келе жатқан аймақтарының бірі. Ақтөбеліктер барлық қазақстандықтар сияқты Астанамызды көтеруге зор үлес қосып келеді. Бүгін Астана төрінде ашылған шығыстың қос жұлдыздарының бірі - Әлия Ақтөбе топырағының дарасы. Ұлы даланың аңызға айналған даңқты қызы Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені астанамыздың мерейін көтеретіні сөзсіз. Жасындай жарқ еткен Әлияның қысқа ғұмыры, оның өшпес ерлігі - барлық ұрпақ үшін отанға деген адалдықтың үлгісі болды», - деді ол.
Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі - 3,8 метр. Ескерткіштің артына 30,66 х 2,4 метр көлемде салынған композиция қазақ халқының тарихи ерліктерінен жыр төгетін бірнеше кезеңге бөлінген. Сол жағында ұлы дала мен көшпенділердің рухы, батырлардың бейнесі суреттелген. Сондай-ақ өз елінің тәуелсіздігі үшін намысын жыртқан Исатай мен Махамбеттің бастауларын қолдап отырған, азаттық үшін күрескен Құрманғазы күйші, халықтардың басын біріктіруші Абылай хан көрсетілген. Ал кешеннің оң жақ бөлігі Қазақстанның өткен мың жылдықта кешкен тарихи қасіреттері мен тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен гүлденуі жайында сыр шертеді.
Әлия мемориалдық кешенінің авторлары – мүсіншілер Бақытжан Әбішев пен Ескен Сергебаев, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Владимир Кацев пен сәулетші Жексен Айнабеков.
Салтанатты рәсімге Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова қатысты.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |