Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Республика даңғылы – Бараев көшесі – Тәшенов көшесі қиылысындағы жолайырықты іске қосты
Шілденің 3-інде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Республика даңғылы – Бараев көшесі – Тәшенов көшесі қиылысындағы жолайырықты іске қосты.
Жолайырық құрылысының бас мердігері – «Ташяпы Иншаат Тааххют Санай Бе Тиджарет» АҚ компаниясы. Жалпы аталған жолайырықтың аумағы 12,6 гектар жерді алып жатыр. С. Ахметовтің айтуынша, жолайырықтың параметрлері тәулігіне 50 000 автокөлікті өткізе алады.
Автокөлік қозғалысы 6 жолақ бойынша өтетін болады. Жалпы жол жамылғысының ұзындығы 4,3 км. құрайды. Сонымен қатар министрдің сөзіне қарағанда, алдағы 3 жылда елорданың көлік инфрақұрылымында 50-ге тарта нысан салынатын болады. Осыған мақсатты трансферттер ретінде республикалық бюджеттен 200 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. Осы жолайырықтың құрылысына 9 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалғанына тоқталған И. Тасмағамбетов, «Баршаларыңызды бүгінгі қуанышты күнмен құттықтаймын. Мына тапсырылып отырған жолайырық елдің игілігіне, халықтың жақсылығына қызмет етсін дегім келеді. Бүгінгі қуаныш осы жолайырықтың ашылуы ғана емес, бұл еліміздің күннен-күнге көркейіп келе жатқандығының дәлелі», деді.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |