Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Шілде > Астана қаласының Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орын тепкен «Еуразия» гүлзарының салтанатты ашылуына Мәжіліс төрағасы Аслан Мусин,ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Астана қаласының Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орын тепкен «Еуразия» гүлзарының салтанатты ашылуына Мәжіліс төрағасы Аслан Мусин,ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Шілденің 3-інде Мәжіліс төрағасы Аслан Мусин Астана қаласының Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орын тепкен «Еуразия» гүлзарының салтанатты ашылуына қатысты.Бұл шара Елорданың 10 жылдығы аясында өтті.

Батыс Қазақстан облысының Астанаға жасаған тартуы болған осы гүлзардың орта тұсында мүсін орнатылған. Мүсіннің қосылған бас
жағында шаңырақ орнатылған. Бұл Еуропа мен Азияның қосылған тұсын білдіреді. Осы мүсін 1,3 гектар аумақты алып жатқан гүлзарды екіге бөліп тұр. Гүлзардың бір жағы Азия құндылықтарынан хабар беретін болса, екінші жағы Еуропаның рухани байлықтарын әйгілеп тұр.

Мәжіліс төрағасы Аслан Мусин жиналған қауым алдында құттықтау сөз сөйледі. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астананың 10 жылдығын лайықты қарсы алуды тапсырған болатын. Өйткені бүгінгі күні біздің Елордаға әлем халқы көз тігіп отыр. Еліміздің зор табыстарға қол жеткізгенін бүкіл әлем білуге тиіс. Сондықтан осы мемлекеттік мерекеге үлкен дайындықпен келдік. Облыстардың қатысуымен Астанада игі істер атқарылып жатыр.

Батыс Қазақстандық бауырлар мейрамға үлкен үлес қосты. Бүгін ашылатын «Евразия» гүлзары Астананың ең көрікті орындарының біріне айналады. Сондықтан оралдықтар өз жұмыстарын абыроймен атқарып шықты деуге әбден болады. Бұл гүлзардың «Евразия» аталуында үлкен мән бар. Осы қуатты идея – Қазақстанның жарқын болашағы, зор абыройы. Осылай десек, асыра айтқандық емес. «Евразия» гүлзары – Батыс пен Шығыс арасындағы берік байланыстың символы. Астана – Европаның да, Азияның да озық дәстүрін танытатын бас қала. Біздің осы бас қаламыз – Астанамыз көркейе берсін!»,- деді А.Мусин.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өз сөзін Астанаға Ақжайықтың жалынды сәлемін жеткізуден бастады. Қос құрлықтың тоғысқан тұсында орналасқан Орал қаласының да, Еуразия кіндігінде орын тепкен Астананың да өзіндік ерекшеліктері бар екені анық. Осы орайда «Еуразия» гүлзарының ашылуы жарасымды болды.

Салтанатты шара ән мен күйге, арулардың мың бұралған биіне ұласты. Батыс Қазақстаннан келген өнер иелері астаналықтарға ән-жырдан шашу шашты.

Бұл шараға сенаторлар Әбіш Кекілбаев, Рашид Ахметов, Жандарбек Кәкішев, Мәжіліс депутаттары Қабиболла Жақыпов, Шавхат Өтемісов, Елена Тарасенко, Виктор Киянский, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қазан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS