Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Мэрилин штатының азаматтық білім беру саласындағы бір топ делегатымен кездесті

ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Мэрилин штатының азаматтық білім беру саласындағы бір топ делегатымен кездесті

ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Мэрилин штатының азаматтық білім беру саласындағы бір топ делегатымен кездесті.

Ж.Түймебаев Қазақстан мен АҚШ-тың білім беру саласындағы ықпалдастығы жүйелі түрде дамып отырғанын айтып, шетелдік меймандарға республикадағы білім беру мен «Болашақ» халықаралық бағдарламасы жөнінде баяндап берді. «Қазір АҚШ-та аталмыш бағдарлама бойынша 734 қазақстандық жас білім алуда, үстіміздегі жылғы қыркүйек айында онда тағы 8 студент аттанатын болады. Сонымен қатар, АҚШ-тың бірқатар колледждері мен жоғары оқу орындарында өз қаржысы есебінен мыңнан астам студент білім алуда», - деді ол.

Білім және ғылым министрі сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық білім беру мен патриоттық тәрбиеге қашанда үлкен маңыз беретінін тілге тиек етті.

Өз кезегінде Мэрилин штатының Мемлекеттік білім беру департаментінің директоры Нэнси Грасмик Қазақстанның азаматтық білім беруге қатысты жүйесін қолдайтынын және ол АҚШ-ты Қазақстанға одан әрі жақындастыра түсетінін айтты. Н.Грасмик Мэрилин штатында оқушылардың ел Конституциясын білу деңгейін анықтап, алған білімдерін дұрыс қолдана алуға үйрететін арнайы бағдарламалардың барлығын және ол бағдарламаларды Қазақстанда енгізуге ниетті екенін жеткізді.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS