Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > Үкімет отырысында жол полициясындағы жемқорлықты жоюға қатысты мәселелер талқыланып, ҚР Үкіметінің қарауына енгізілетін бірқатар заң жобаларына қатысты тапсырмалар берілді

Үкімет отырысында жол полициясындағы жемқорлықты жоюға қатысты мәселелер талқыланып, ҚР Үкіметінің қарауына енгізілетін бірқатар заң жобаларына қатысты тапсырмалар берілді

Жол полициясы қызметкерлері арасында жемқорлықтың бар екендігін білеміз. Осыған байланысты сіздерге жол полициясындағы жемқорлықты түбегейлі жоюды тапсырамын.

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің басшылығына осындай тапсырма берді.
Жол полициясы қызметкерлері арасында жемқорлықтың бар екендігі және ол туралы халық арасында жиі айтылатыны жайында айта келе, К. Мәсімов: «Жол полициясындағы жемқорлықты түбегейлі жою мақсатында сіздерге осы қоғамдық дерттен жеке құрамды тазартуға қажетті тиісті іс-шараларды атқаруды тапсырамын», - деді ол.

Ағымдағы айдың 20-сына дейін ҚР Үкіметінің қарауына бірқатар заң жобалары енгізілуі тиіс. Бұл туралы тамыздың 12-сінде өткен Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева айтты. Ол  Үкіметтің қарауына жіберілетін заңдардың бүгінде мемлекеттік органдарда талқыланып жатқандығын хабарлады. Олардың ішінде «Үшінші жақтағы азаматтарға зиян келтіру қаупі бар нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Сыртқы барлау органдары туралы», «Әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жер ресурстары және оны пайдалану», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және онымен салалас заңдар бар. 

ҚР Үкіметінің заң әзірлеу жұмыстары жоспарына сәйкес 66 заң жобасын дайындау жоспарланып отыр. Бұл туралы  Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті.
Министрдің айтуынша, олардың арасында екі заңға Елбасы қол қойды. ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына 19-ы жіберілсе, Үкіметтің келісімінде 10 заң жобасы бар. 27 заң жобасы бүгінде әзірленіп, мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. «Меценаттық туралы» заң жобасы жұмыс жоспарынан алып тасталынады. Себебі, ол басқа заңға кірігіп отыр. Оған қоса, мұнай операциялары мен жалпы сыртқы қарыз туралы екі заң жобасын да алып тастау мәселесі қарастырылуда. Ал «2009 жылдың бюджеті, Экономика және бюджеттік жоспарау
министрлігіне қарасты мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру, тұтынушылардың құқығын қорғау және онымен салалас заңдар әзірлену үстінде», - деді З.Балиева.
Парламент жұмысының бірінші сессиясы барысында Үкімет тарапынан талқылауға 117 заң жобасы енгізіліп, олардың 42-сі қабылданды. 

Бүгінде «Жалған кәсіпкерлік туралы» заңға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасы кешігіп жатыр. Сейсенбі күнгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осы мәселені атап өтті.

Аталмыш заң жобасының әзірлеуіне жауапты ҚР Қаржы министрлігінің басшысы Болат Жәмішев: «Бүгінде аталмыш заң жобасы барлық құзіретті органдардың қарауына жіберіліп отыр. Бірақ бұл құжатқа ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабында көрсетілген «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, бөлімшелер мен өкілдіктерді есептік тіркеу» бойынша ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Жоғарғы соты және Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі агенттік келіспей отыр. Қылмыстық жүйеге өзгеріс енгізу біздің ведомствоның қызметіне жатпағандықтан, осы мәселені арнайы кеңесте талқылап, тиісті органдармен келісіп алған жөн», - деді.

ҚР Премьер-Министрі осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуге тапсырма берді.

Біз барлық заң жобаларын тиянақты түрде әзірлеп, Парламенттің талқылауына енгізуге тиіспіз. Тамыздың 12-сінде өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты.

«Осыған орай Парламент сессиясының басталуына дейін үш кездесу өткізуге тапсырма беремін. Сессия жұмысына дейін «Нұр Отан» ХДП-сының басшылығымен, Мәжіліс және Сенат жетекшілерімен барлық заң жобалары бойынша кеңес өткізу қажет. Біз әзірлеген барлық заң жобаларында олардың барлық сын-ескертпелері қамтылуы шарт. Парламентке кіргеннен кейін, біз нақты іс бойынша сындарлы түрде жұмыс жасауымыз қажет», - деді К.Мәсімов.

Үкімет басшысы заң жобаларын талқылауға арналған кеңестерге өзі қатысуға ниетті екендігін жеткізді.

ҚР Үкіметі Парламент сессиясының қарауына «Үш жылдық бюджет туралы», Салық кодексі, Бюджет кодексі және «Бәсекелестік туралы» заң жобаларын енгізуді жоспарлап отыр.

Тәуелсіздік жылдары кезінде бізде аса көп заңдар қабылданды. Қазіргі кезде олардың бірі мүлдем басқа мақсатқа бағытталса, екіншісі бір-біріне қайшы келе бастады. Сол себепті осы заң актілерін қысқарту мәселесін қарастыру қажет. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Әділет министрі Зағипа Балиеваға осындай тапсырма берді.

«Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде «гильотина ұстанымы» деген тұжырымдама бар. Оған сәйкес экономиканың өтпелі кезеңінде көп болып кеткен заң актілері қысқартылады. Міне, осы тәжірибені зерттеп, бізде де қолдану қажет. Тәуелсіздік жылдары кезінде бізде аса көп заңдар қабылданды. Қазіргі кезде олар бір-біріне қайшы келе бастады. Сол себепті осы заң актілерін қысқарту мәселесін қарастыру қажет. Әрине, аталған мәселе бойынша ҚР Президенті Әкімшілігімен келісіп алған жөн», - деді К.Мәсімов.

«Гильотина ұстанымы» тұжырымдамасы 1980 жылы Швеция елінде әзірленген болатын. Оған сәйкес, заңнамаға қайшы немесе нарық талаптарына сай келмейтін нормативті актілер тез арада қайта қарастырылып, қолданыстан шығарылады. Аталмыш тұжырымдама саяси реформалардың тиімді құралы ретінде Италия, Мексика, Оңтүстік Корея және Мажарстан елінде қолданған болатын.


 

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS