Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > Бухарест қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Ғ. Пірматовтың төрағалығымен қазақстан-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысы өтеді

Бухарест қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Ғ. Пірматовтың төрағалығымен қазақстан-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысы өтеді

Үстіміздегі жылдың 14-15 тамызында Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Ғ.О. Пірматовтың төрағалығымен қазақстан-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысы жоспарлануда.
Комиссияның румындық жағына Румын Экономика және қаржы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Виорел Палашкэ мырза басшылық етеді.
Отырыста қазақстан-румындық болашағы бар ынтымақтастықтың бағыттары, жекелеп айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өзара іс-қимыл құқықтық салалар, энергетика, халықаралық автомобильдік көлік, білім, ғылым және туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастығы талқыланбақ.
Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Румын Премьер-Министрі К. Попеску-Таричеанудың жоспарланған іс-сапарі қарсаңында қазақстан-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының отырысы өткізіледі.
Сондықтан, алдағы отырыс ерекше саяси және экономикалық сипатқа ие, әрі аталмыш кездесу екіжақтық ынтымақастықты жандыруға жаңа серпін бермек.
Бұдан басқа, осы отырыста Румын Премьер-Министрінің іс-сапары барысында қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобаларын талқылау көзделіп отыр.
2007 жылғы 21-22 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Румынға іс-сапары барысында «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы және Румын Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Іскерлік кеңес құру туралы Келісімге қол қойылған болатын, осыған байланысты екі жақ қазақстан-румын Іскерлік кеңесінің 1-ші отырысын өткізу мәселерін талқыға салмақ.
Қосымша ақпарат үшін Қазақстан мен Румын арасындағы тауар айналым көлемі статистикалық деректер бойынша 2007 жылы 829,2 млн. АҚШ долларын құрағанын хабардар етеміз.
1993 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықтағы Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялардың ағымы жалпы шамамен $69 млрд. жеткен, оның ішінде қазақстан экономикасына румын инвестициялары $227,8 млн. құрады.
Қазақстанда мұнайгаз саласына негізделген 15 қазақстан-румындық кәсіпорындар бірлесіп жұмыс істейді. Өз кезегінде Румында құрылыс, ресурстарды өндіру, жиһаз саудасы, киім, аяқ киім және дәрі-дәрмек салаларында қызмет атқаратын 5 румын-қазақстандық кәсіпорындар бар.


Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі


Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS