ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Бәсекелестік туралы» жаңа заң жобасымен танысты
Жиында Үкімет басшысы «Бәсекелестік туралы» заң жобасының аса маңызды құжат екендігіне тоқталып, аталмыш заң жобасын Үкіметтің қарауына тамыздың 26-сына дейін енгізу қажеттігін жеткізді.
Тамыздың 13-і күні Астанада ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысы барысында «Бәсекелестік туралы» жаңа заң жобасы таныстырылды.
Жобаны әзірлеуші ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевтың айтуынша, жаңа заң жобасы барлық
халықаралық талаптарға сай етіп әзірленуімен бірге еліміздің бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатымен толықтай үндесіп жатыр.
Жобаның басты мақсаты – бәсекелестікті қорғау және бизнестің кәсіпкерлік-инвестициялық белсенділігін арттыру. Құжатта бәсекелестікке қарсы әрекеттерді алдын алу мақсатында «өзара келісілген іс-қимылдар» деген ұғым «келісімдерден» ажыратылған. Құзіретті органның тексерісі жариялылық қағидаты негізінде жүргізіліп, тексеріске ат салысқан кәсіпкерлік нысандарды жауапқа тарту кезінде жеңілдік жасау көзделген. Ал заңнаманы бұзу фактілері бойынша хабар бергендерді толықтай жауаптан босату мәселесі қарастырылуда. «Экономиканың бір саласын монополизациялау жолындағы картельдік келісімдерді жасау мәселесі заңда бөлек бап ретінде жазылған. Онда өзара келісіп тауар бағасын көтерген кәсіпкерлік нысандардың жауапкершілігі көрсетілген. Мәселен, бүгінде кейбір компаниялар өзара келісу арқылы жанар-жағар майдың бағасын көтеріп келеді», - деді М.Есенбаев.
ҚР Премьер-Министрі «Бәсекелестік туралы» заң жобасының аса маңызды құжат екендігіне тоқталып, аталмыш заң жобасын Үкіметтің қарауына тамыздың 26-сына дейін енгізу қажеттігін жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде «Бәсекелестік туралы» заң жобасы ҚР Бәсекелестіктің қорғау жөніндегі агенттігінде талқылануда.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |