Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ 2008 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысына арналған кеңес өткізді

Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ 2008 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысына арналған кеңес өткізді

Қор басшылығының есептерін тыңдаған Премьер-Министр экомиканы жаңғыртуға байланысты еліміздің Президенті Үкіметтің және мемлекеттік холдингтердің алдына қойып отырған барлық тапсырмалардың орындалуы тиіс екенін атап өтті.

Тамыздың 14-інде  Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ 2008 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысына арналған кеңес өткізді.

Қазіргі таңда Қордың негізгі қызметі – экономиканы әртараптандыруды қолдауға, корпоративтік басқару жүйесін дамыту арқылы экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған.

Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы қаулысымен бекітілген еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар Жоспары әзірленді. «Қазына» қоры мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі оператор болып айқындалды.

Қордың негізгі қызметі еншілес ұйымдарды, екінші деңгейлі банктерді және бизнес-қоғамдастықты тарта отырып, аталған Жоспардың үш шешуші бағытын іске асыруға жұмылдырылды:

- құрылыс секторын қаржыландыруды ұлғайту және Астана,Алматы қалаларындағы тұрғын үй құрылысындағы үлескерлердің құқықтарын қорғау;

- екінші деңгейлі банктердің филиалдық желілері арқылы шағын және орта бизнестің бастамаларына қолдау көрсету;

- агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне қолдау көрсету;

«Қазына» Қорының жүйесіне енген Даму институттарының құрылғанынан бастап ( 2008 ж. 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша) 143 жоба қаржыландырылды және қаржыландырылу үстінде. Аталған жобалардың жалпы құны 593,5 млрд. теңге, оның ішінде институттардың үлесі 257,7 млрд. теңгені құрады. Даму инститтуарының құрылған күнінен бастап құны 114,9 млрд. теңге болатын 58 жоба пайдалануға берілді. Мұндағы даму инститтарының үлесі 57 млрд. теңге.

Жобалардың бір бөлігі «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы аясында іске асырылуда.

«Қазына» ОДҚ» АҚ басқарма төрағасы Арман Дунаевтың атап өткеніндей, «инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асырудың басты шарттарының бірі - көліктік және энергетикалық инфрақұрылым жобаларын қамтамасыз ету».

Қор басшылығының есептерін тыңдаған Премьер-Министр экомиканы жаңғыртуға байланысты еліміздің Президенті Үкіметтің және мемлекеттік холдингтердің алдына қойып отырған барлық тапсырмалардың орындалуы тиіс екенін атап өтті.

«Қазына бұл тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолда бар қаржылық және институционалдық мүмкіндіктерді пайдалануы керек. Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуы тиіс»,- деді Кәрім Мәсімов.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі