Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачомен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачомен кездесті

Тамыздың 14-інде Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачомен кездесті.

Кездесу барысында қазақстан-куба екіжақты сауда- экономикалық қарым- қатынастарының даму перспективалары мен қазіргі жағдайы, сондай-ақ, денсаулық сақтау және спорт салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр дипломатиялық өкілеттігі аяқталып жатқан Тересита Камачоға Қазақстан мен Куба арасындағы байланыстардың дамуына үлес қосқаны үшін ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде Т.Камачо екіжақты қатынастарды дамыту ісіндегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін Премьер-Министрге алғысын айтты.

Кездесу соңында тараптар экономикалық және мәдени- гуманитарлық салалар бойынша Қазақстан мен Куба арасындағы байланыстардың әрі қарай тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  баспасөз қызметі