Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде болды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде болды

Тамыздың 15-інде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде болып, осы саланың жұмыс барысымен танысты.

Қазақстан қазынашылығының бүгінгі күні барлық облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ, облыстық маңызы бар аудандар мен қалаларда 188 бөлімшелері қызмет етеді. Сондай-ақ, қазынашылық жүйесі 15 мыңнан астам республикалық және жергілікті бағынышты мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді.

Үкімет басшысының қатысуымен Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде өткен жиында аталған саланың бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары, осы бағыттағы ақпараттық жүйені жетілдіру шаралары және қазынашылық жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Әміржан Түсіпбеков қазынашылық қызметінің жұмыстарына қорытынды жасап, алдағы уақыттағы маңызды міндеттерге тоқталып өтті. Комитет төрағасының айтуынша, бүгінгі күні еліміздің қазынашылығында заманауи ықпалдасқан ақпараттық жүйе қалыптасып, осыған байланысты бірқатар шараларды жаңғырту жалғасып келеді.

Қазынашылықтың басым стратегиялық мақсаттарына байланысты ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев, ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтар өз пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов сала жұмысын одан әрі жақсарта түсу үшін бірқатар міндеттер жүктеді.

Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің жұмыс барысымен танысу барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің тарапынан көтерілген еңбекақы төлеу модулін енгізу мәселесін бюджеттік комиссияда талқылауды тапсырды.

Жиын барысында қазынашылық жүйесін дамытуға тоқталған Қаржы министрі Болат Жәмішев бүгінгі күні бұл саланың он-лайн жүйесінде қызмет ететіндігін айтып, осы бағытты одан әрі жетілдіру мәселесіне назар аударған болатын. «Менің ойымша, бюджеттің жаңа деңгейі құрылуы барысында қазынашылықтың жаңа бөлімшелерін құрмай-ақ, бұл жүйеге еңбекақы төлеу модулін енгізуді жүзеге асыру қажет. 1999 жылы бұл мәселе біраз қарастырылған болатын. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде де бюджеттің жаңа деңгейі жүргізілетіндіктен, еңбекақы төлеудің модулі өзекті болып табылады. Өйткені, бұл жағдайда барлық мемлекеттік мекемелерде жалақыны төлеу орталықтанып, заң бұзушылықтар біршама жойылады. Ең бастысы, біз еңбекақыны төлеу модулін енгізе отырып, көпдеңгейлі бюджеттегі қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ете аламыз», деді Б. Жәмішев.

Өз кезегінде еңбекақы төлеу модулі туралы министрдің көтерген идеясына оң көзқарасын білдірген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, бұл мәселені бюджеттік комиссияда қарау туралы тапсырма жүктеді. «Алдағы үшжылдық бюджетті қалыптастыру барысында аталған мәселені ескеруге уақытымыз баршылық. Сонымен бірге, Елбасының тапсырмасы аясындағы әкімшілік реформасы ең алдымен мемлекеттік аппараттың жинақы болуына бағытталуы тиіс. Сондықтан да бұл жүйенің барлығы бақылауда болуы қажет», деді Премьер-Министр.

Алда қабылдануы тиіс жаңа бюджет кодексі ауқымында қазынашылық жүйесін одан әрі дамыта түсу қажет.  Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің жұмыс барысымен танысу барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай тапсырма берді.

«Салық, кеден органдарында болған уақытымда мен қазынашылық саласының жұмысымен де танысуды жоспарлаған болатынмын. Жалпы, қазынашылық - бұл мемлекеттік қызметтің жүрегі, осы бағыттағы жұмысты жақсартатын қан тамырлары секілді. Сонымен бірге, кеден, салық органдарының жұмысы көзге көрініп тұрса, қазынашылықтың жұмысы тек қана мемлекеттік мекемелерге және мемлекеттік қызметкерлерге болмаса, жалпы қоғамға онша таныс емес. Дегенмен де, бюджет мәселесіне келгенде қазынашылық қызметінің маңызы өте зор», деді Премьер-Министр.

Сонымен бірге, жаңа үшжылдық бюджет кодексі мәселелеріне тоқталған Үкімет басшысы, бұл кодексті іс жүзінде жүзеге асыру барысында қазынашылық жүйесінің қызметтік өлшемдерін жетілдіре түсу қажеттігін атап өтіп, осыған орай нақты тапсырмалар жүктеді. «Бүгінгі баяндалғандар бойынша бюджет кодексін енгізу аясында қазынашылық жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқанымен таныстым. Дегенмен де бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра түсу қажет. Өйткені, алдағы бюджет кодексінің әрбір тармағы қайсібір бюджеттік жіктелулерге әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге, үшжылдық бюджет жобасы мемлекеттік қаражаттың нәтижелі жұмсалуына бағытталады. Ал үшжылдық бюджетті қабылдаған соң, оның нақты орындалуы барысындағы жүк ең алдымен қазынашылық қызметке келіп тіреледі», деді К. Мәсімов.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі тиімді жұмыс істеуі үшін алдымен ауылдық жерлерді толық телефон байланысымен қамтамасыз ету қажет.  Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің жұмыс барысымен танысу барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.
«Өткен жолы Үкіметтегі кеңесте жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын алдын ала талқыладық. Бұл жалпы қоғамның дамуы үшін маңызды заң жобасы болып табылады. Дегенмен де, ауылдық жерлерді жеткілікті деңгейде телефон байланысымен қамтамасыз етпейінше, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиісті деңгейде жұмыс жасай алмайтыны назарға алынды. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы да осы шараны толық жүзеге асыру міндетін жүктеген болатын. Шындығында, ауылдық жерлерді телефонмен қамтамасыз етпейінше, ауылдық жергілікті бюджеттерді қалыптастыру әрі жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын жүргізу мүмкін болмайды», деді К. Мәсімов. Осы аталған мәселеге байланысты Үкімет басшысы техникалық-инфрақұрылымдық жұмыстарды шешуді тапсырды.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS