Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > ҚР ауыл шаруашылығы министі А.Күрішбаевтың қатысуымен егін шаруашылығында ылғал қорын үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі республикалық кеңес өтті

ҚР ауыл шаруашылығы министі А.Күрішбаевтың қатысуымен егін шаруашылығында ылғал қорын үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі республикалық кеңес өтті

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының директорлары, ғылыми ұйымдардың, жергілікті атқару органдары мен аграрлық құрылымдардың жетекшілері қатысқан кеңестің мақсаты – республикамыздың агроөнеркәсіп кешенінде ылғал қорын үнемдеуге бағытталған озық технологияларды енгізуді жеделдету.

Қостанай қаласында ҚР ауыл шаруашылығы министі А.Күрішбаевтың қатысуымен егін шаруашылығында ылғал қорын үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі республикалық кеңес болып өтті. Кеңес жұмысына Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының директорлары, ғылыми ұйымдардың, жергілікті атқару органдары мен аграрлық құрылымдардың жетекшілері қатысты.

Кеңестің мақсаты – республикамыздың агроөнеркәсіп кешенінде ылғал қорын үнемдеуге бағытталған озық технологияларды енгізуді жеделдету. Кеңесті ашқан ҚР ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаев ылғал үнемдеу технологияларын қолдану топырақтың құнарын сақтау ғана емес, құнарлылықты арттыру, яғни егіннің түсімін молайту деп атап өтті. «Біз аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып барлық облыстарда барлық дақылдар бойынша аталған технологияларды кеңінен енгізуге жағдай жасауға тиіспіз. Бұл үшін осындай кеңестер өткізу арқылы және білім беру орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып тауар өндірушілер арасында тиісті оқыту жұмыстарын жүргізу қажет» деді министр.

Ылғал үнемдеу технологияларын енгізу және жоғары өнім алу шаралары жөнінде ҚР АШМ егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің директоры А.А.Буць және «ҚазАгроИнновация» АҚ қарасты ғылыми-зерттеу ұйымдарының жетекшілері баяндама жасады. Теориялық білімді тереңдету үшін «Заречное» тәжірибелік өндірістік шаруашылығы базасында жаңа технологияларды қолдану әдістері тәжірибе жүзінде көрсетіліп, жаңа техникалар мен өсімдік қорғау шараларына арналған құрал-жабдықтар таныстырылды. .

Ылғал үнемдеу технологияларын енгізу бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында – «Дружба» ЖШС (СҚО) және «Достық» ЖШС (Ақмола облысы) сияқты еліміздегі жетекші агроқұрылымдардың жетекшілері баяндама жасады. Ал, «Ақтөбе» өндірістік техникалық паркі» ЖШС директоры жиналғандарды отандық ғалымдардың жаңа табысы – суперабсорбентті (гель-кремний қышқылы) қолдану арқылы топырақтың ылғалдылығын көбейту әдісімен таныстырды.

Кеңесті қорытындылаған А.Күрішбаев еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарының егіншілікті әртараптандыру жұмысын тездетіп, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдарын кеңінен қолдануы қажеттігін, машина-трактор паркін жаңарту жұмысына қарқын беру керектігін атап өтті. Министр сонымен қатар суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігін артыру және тыңайған жерлерді қайта айналымға қосудың өзектілігіне тоқталды. Министрдің айтуынша 2011 жылға қарай республика бойынша ылғал үнімдеу технологиялары қолданылатын егістік жер көлемін 12 млн. гектарға, яғни егіншілікте пайдаланылатын барлық алқаптың жартысын осы тәсілге ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл астық дақылдарының жылдағы өнімділігін 26 млн. тоннаға жеткізуге жағдай жасайды.

Кеңес аясында АӨК саласында білім тарату жөніндегі Қостанай оқу орталығы ашылды. Бұл орталық фермерлер мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мамандарының жаңа, озық технологияларды оқып үйренуіне жағдай жасайды.

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

 

 

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS