Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > Еліміз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын қызмет түрлері алдағы уақытта екі есеге артады

Еліміз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын қызмет түрлері алдағы уақытта екі есеге артады

Бұл туралы Әділет министрлігінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруге арналған отырыста әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов мәлім етті.

Еліміз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ұсынатын қызмет түрлері алдағы уақытта екі есеге артады. Бұл туралы Әділет министрлігінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіруге арналған отырыста әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов мәлім етті.

Ол қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызмет түрлері 25 болса, биылғы жылдың соңына дейін олардың саны 50-ден асатындығын хабарлады. «Жалпы біздің мемлекеттік қызмет реестрінде 131-ден астам қызмет түрі бар. Қазіргі таңда олардың барлығы бойынша стандарттар мен регламенттер белгіленуде. Басқаша айтқанда, қызмет түрлері мемлекеттік органдар белгілеген стандарттар негізінде жүзеге асады» деді вице-министр.

Оның айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтары халық пен мемлекеттік орган арасындағы делдал іспеттес. Осыған байланысты мемлекеттік орган қызметкерлері міндеттерінің барлығы жан-жақты нақтылануы қажет. «Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша қазір бізге үкіметтік емес ұйым өкілдері де қол ұшын созуда. Біздің алдымызда қазір мұндай орталықтарды шалғай аймақтардағы елді мекендерден ашу міндеті тұр», деді Д. Құсдәулетов.

 

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS