Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісін жаңғырту және дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісін жаңғырту және дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді

Кеңес қорытындысында Премьер-Министр К.Мәсімов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жаңғырту және дамыту» жобасын іске асыруға қатысты іс- шаралар Жоспарының технологиялық бөлігін, оның ішінде жер бөлу, энергиямен, сумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамыту және қажетті шикізат қорын дайындау мәселелері бойынша жұмысты аяқтауды тапсырды.

Тамыздың 20- сында Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісін жаңғырту және дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді.

Жұмыс тобының мүшелері Премьер-Министрге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жаңғырту және дамыту» жобасын іске асыруға қатысты іс- шаралар Жоспарының дайындалғанын баяндады. Жоспарда минералды- шикізат қорын кеңейту, металлургия өндірісін, инженерлік инфрақұрылымды, энергетикалық және су шаруашылығы кешендерін дамыту, бірқатар әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері қамтылған. Қазіргі таңда «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына қатысу үшін «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ өтінім берілді.

Кеңеске қатысушылар бұл жобаның іске асырылуы Қазақстандағы қара металлургияның дамуына, кендік қордың кеңеюіне және қосымша құны жоғары өнім алуға серпін беретінін атап өтті.

Кеңес қорытындысында Премьер-Министр К.Мәсімов Жоспардың технологиялық бөлігін, оның ішінде жер бөлу, энергиямен, сумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамыту және қажетті шикізат қорын дайындау мәселелері бойынша жұмысты аяқтауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі