Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрлері - Бауыржан Мұхамеджанов пен Молдамұса Конгантиевтің жақында өткен кездесуінде Халықаралық туризм проблемалары, сондай-ақ Ыстықкөлде демалушы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрлері - Бауыржан Мұхамеджанов пен Молдамұса Конгантиевтің жақында өткен кездесуінде Халықаралық туризм проблемалары, сондай-ақ Ыстықкөлде демалушы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Халықаралық туризм проблемалары, сондай-ақ Ыстықкөлде демалушы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігі жақында өткен көршілес екі елдің - Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрлері - Бауыржан Мұхамеджанов пен Молдамұса Конгантиевтің кездесуінде қаралды.

Қырғызстанға келетін туристердің басым бөлігін қазақстандық азаматтар құрайды. Соңғы уақыттары бізге көрші елдің жол полициясы тарапынан Қырғызстан жолдарында қазақстандық азаматтардың автомашиналарын жөнсіз тоқтату жағдайлары жиілеген.

Осыған байланысты тамыздың 15-і мен 20-сы аралығында өткізілген Қазақстан мен Қырғызстан жол полициясы инспекторларының бірлескен шарасы ұйымдастырылды. Қазақстан тарапынан Жамбыл және Алматы облыстары ішкі істер департаменттерінің ішкі істер басқармалары бес-бестен автомашина және он-оннан қызметкер бөлді.

Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі М. Конгантиев бірлесіп жүргізген жұмыстардың тәжірибе алмасуға, жолдардағы проблемаларды шешуге және достас екі ел азаматтарының қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретінін атады.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS