Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Қостанайдағы өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы туралы жалпы мағлұматтар берді

ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Қостанайдағы өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың дамуы туралы жалпы мағлұматтар берді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) басшыларының баяндамаларын тыңдады.

ӘКК басшылары баяндамаларының алдында сөз сөйлеген ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник осы корпорациялардың дамуы туралы жалпы мағлұматтар ұсынды. «Іс жүзінде ӘКК - өңірлік даму институттары. Оларды құру үшін бюджеттен 21 миллиард теңге бөлінді, қажетті құқықтық база дайындалды. Бүгінде ӘКК-ге 900-ден астам инвестициялық ұсыныстар түскен. Инвестиция көлемі 1,2 миллиард теңге болатын 146 инвестициялық жоба жүзеге асу кезеңінде тұр», - деп атап өтті министр.

В.Школьниктің сөзіне қарағанда, ӘКК-де бірқатар проблемалық мәселелер туындаған. Оларға аталмыш проблемаларды шешуге көмектесу қажет. ӘКК қазақстандық даму институттарымен байланыс орнатып, жергілікті билік органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасаулары тиіс.

Қазақстанның 7 ӘКК басшысы Елбасына өз жұмыстары жөнінде егжей-тегжейлі баяндады. Олардың әрқайсысы жүзеге асырылып отырған жобалар туралы айтып берді. Аталған жобалардың көбісі әлеуметтік бағыттылығымен сипатталады және еліміздің экономикасы үшін маңызды болып табылады.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS