Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Рудный қаласында өткен халықаралық еңбек форумында баяндама жасады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Рудный қаласында өткен халықаралық еңбек форумында баяндама жасады

Қостанай облысының Рудный қаласында өтіп жатқан халықаралық еңбек форумында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмыспен қамтудың жаңа моделін ұсынды.

«Жұмыспен қамту – ең маңызды әлеуметтік саясат. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Елімізде жыл сайын 200 мыңнан астам жұмыс орны құрылып отырды. Олардың жартысынан көбі ауылдық елді мекендерде.
Ағымдағы жылдың 7 айында 100 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту органдарына келген азаматтардың 72,2 пайызға жуығы жұмысқа орналасты», деп мәлім етті Б.Сапарбаев.

Елбасының тапсырмасымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиімсіз кәсіппен айналысу мәселесін шешу мақсатында «Нұрлы көш» жобасын әзірледі. Бұл туралы Қостанай облысының Рудный қаласында өтіп жатқан халықаралық еңбек форумында министр Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

«Жобаға сәйкес, ішкі және сыртқы көші-қон есебінен тартылатын жұмыс күші жоғары және орта деңгейдегі даму әлеуетіне ие үлкен қалалардың, ауылдық және шекара бойындағы елді мекендердің маңайында шоғырланады», деді Б. Сапарбаев.

90-шы жылдардың басынан бері өнеркәсіпте жұмыс істейтін халықтың үлесі 11 пайызға төмендесе, ауыл шаруашылығында 9 пайызға артып, қазір 30 пайыздан асып түсті.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS