Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Тамыз > Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбай жас тілшілердің «Қаламгер азамат» атты форумына қатысушылармен кездесті

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбай жас тілшілердің «Қаламгер азамат» атты форумына қатысушылармен кездесті

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбай Астанада тамыз айының 18-і мен 22-сі аралығында жас тілшілердің «Қаламгер азамат» атты тақырыппен өткен форумына қатысушылармен кездесті.

Вице-министрмен жүздесуге келген жастардың дені - «Ақ желкен» журналы мен «Ұлан» газетінің тұрақты оқырмандары және осы басылымдарда алғашқы туындаларын жариялап, шығармашылыққа бет бұра бастаған талапкерлер. Кездесу барысында вице-министр олармен журналистика және қазақ журналистикасының бүгінгі деңгейі, ондағы қалыптасқан проблемалар мен перспективалар жөнінде сөз қозғады.

Жас тілшілер форумының мән-маңызына кеңінен тоқталған Д. Мыңбай: «Журналистика саласында жас немесе ересек деген ұғым болмауға тиіс. Осы кезден-ақ күш-жігерлеріңізді осы саланың дамуына жұмсап, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқандарыңыз дұрыс. Ал ол үшін сіздерге барлық мүмкіндіктерді қарастыратын боламыз. Қазіргі таңда елімізде тіркелген басылымдар өте көп. Алайда біз олардың барлығын бірдей салмақты да салиқалы сөз айтатын, қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп басып, оны жан-жақты әрі терең талдап көрсететін басылымдар деп айта алмаймыз. Сондықтан сіздерді осының орнын толтыруға барынша үлес қосады деген ойдамын. Жалпы ұзақ уақыттан бері тұрақты түрде шығарылып келе жатқан «Ақ желкен» мен «Ұлан» жастардың сүйіп оқитын басылымына айналды. Сондықтан біз олардың болашақта да жарық көре беруіне барынша қолдау көрсететін боламыз», деді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі балаларға арналған мемлекеттік тілдегі басылымдарды қаржыландыруды үш есеге арттырмақ.Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбаев жас тілшілердің «Қаламгер азамат» форумына қатысушылармен кездесуінде мәлім етті.

Ол балалар басылымдарына бөлінетін қаржыны арттыру ағымдағы жылдан бастап қолға алынатындығын хабарлады. «Бұл орайда, біз басылымдардың сыртқы түріне емес, ішкі мазмұнына қарауымыз керек», деді вице-министр.

Бүгінгі таңда министрлік еліміздегі 7 мыңнан астам газет-журналды қайта іріктеп, тіркеуге алуда. Мұндағы мақсат - мемлекеттің ақпарат кеңістігінде қанша ақпарат құралының жұмыс істеп жатқанын нақтылау.

«Қазіргі таңда мемлекеттік тілде жазатын журналистердің жұмысы өзгелерге қарағанда екі есе ауыр. Сондықтан электронды ақпарат құралдарындағы қазақ тілінің үлесін арттыруға күш салу қажет. Сонда ғана мемлекеттік тілдің болашағы болады», деді Д. Мыңбаев.

ҚазАқпарат

 

 

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS