Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > 2008 > Қыркүйек > ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжин БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген Өркениеттер альянсының достары тобының сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты

ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжин БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген Өркениеттер альянсының достары тобының сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты

Қазақстан БҰҰ қамқорлығымен құрылған Өркениеттер альянсының достары тобына 2005 жылдан бері мүше. Бүгінде бұл топқа әлемнің 78 мемлекеті мен 13 халықаралық ұйым кіреді.

ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастаған Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясы аясындағы өз жұмысын жалғастыруда.

Қыркүйектің 24-інде Марат Тәжин БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген Өркениеттер альянсының достары тобының сыртқы істер
министрлерінің кездесуіне қатысып, сөз сөйледі.

Министр өз баяндамасында, Өркениеттер альянсы идеясын дамытуға қосқан Қазақстанның маңызды үлесін атап көрсетті. Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезін өткізу туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясын бүгінде халықаралық қоғамдастық мәдениеттер мен өркениеттер диалогын дамытудың пәрменді тетігі ретінде қарастырып отыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрі сондай-ақ, Өркениеттер альянсы мен Діндер съезінің хатшылықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап көрсетті.

Оның үстінде, алдағы қазанның 17-сінде Астанада азия, африка және еуропалық елдердің сыртқы істер министрлерінің «Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы ілгерілеу» тақырыбын қозғайтын халықаралық конференцияны қабылдағалы отыр. Бұл форумның негізгі мақсаты мұсылман әлемі мен Батыстың арасында позитивтік байланыс орнату және оны нығайту болып табылады.

Кездесуде сөз сөйлеген Словакияның сыртқы істер министрі Ян Кубиш пен Ислам Конференциясы Ұйымының бас хатшысы Екмеледин Ықсаноғлы Қазақстанның бұл бастамасына да жоғары баға берді.

Қазақстан БҰҰ қамқорлығымен құрылған Өркениеттер альянсының достары тобына 2005 жылдан бері мүше. Бүгінде бұл топқа әлемнің 78 мемлекеті мен 13 халықаралық ұйым кіреді.

М.Тәжин кеше сондай-ақ, өзінің түркиялық әріптесі Әли Бабажанмен және Американың сыртқы саясаты жөніндегі ұлттық комитетінің мүшелерімен кездесті.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар

Мұрағат

<<< Желтоқсан  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS